Каирде Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстары басталды

980

12 млн АҚШ долларын құрайтын мешітті қалпына келтіру жобасына Қазақстан үкіметі тарапынан  4,5 млн АҚШ доллары бөлінген.

Каирде Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстары басталды

Жобаның ашылу салтанатына Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев, Мысырдың  Көне ескерткіштер министрі Халед әл-Анани, жобаның бас мердігері "Араб контракторс" компаниясының басқарма төрағасы Мухсин Салах, Парламент депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, журналистер, тарихшы ғалымдар, белсенділер және жергілікті халық қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Бейбарыстың кіндік тамған жері болып табылатын Қазақстан басшылығы мен халқы жобаның аяқталуына үлкен мән беріп отыр, аталған мәселе Мысырдың президенті Ә.әс-Сисидің 2016 жылы Астанаға жасаған сапары барысында екі мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың бірі болып табылады", - деп мәлімдеді Мысыр министрі Х.әл-Анани.

"Ортақ мұрамызды сақтауға деген Мысыр басшылығының көрсетіп жатқан қамқорлығын жоғары бағалайтынымды жеткіземін. Мысырды мұсылман әлемінің орталығы, Каирді Аббасид халифатының астанасы етіп көтерген кемеңгер тұлғаның ескерткіші қайта қалпына келтіріліп, Мысырдың мұсылман әлеміндегі ерекше рөліне, Таяу Шығыстағы беделі мен абыройына тағы да бір рәміз болады деген сенімдемін", - деді өз кезегінде қазақстандық дипломат Арман Исағалиев.

12 млн АҚШ долларын құрайтын мешітті қалпына келтіру жобасына Қазақстан үкіметі тарапынан  4,5 млн АҚШ доллары бөлінген (Мысыр 100 млн мысырлық фунт аударған).

Қайта қалпына келтіру жұмыстары 18 ай ішінде бітеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу