Каирде Ұлы Абайға ескерткіш ашылды

1774

Каирде Ұлы Абайға ескерткіш ашылды

Мысыр Араб Республикасының астанасы – Каирде қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Мүсін Каирдің "Еркіндік және достық" саябағында орнатылған.

Ашылу рәсімінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі әрі осы идеяның бастамашысы болған Берік Арын, Каир губернаторының орынбасары Мұхаммед Айман, сондай-ақ осы жобаның демеушісі және мүсіннің авторы сөз сөйледі.

Өз тарапынан Каир губернаторының орынбасары Абай ескерткішінің Мысыр астанасының орталығында ашылуы ол мегаполис үшін қазақ және мысыр халықтарының рухани-мәдени жақындығын білдіретін айтулы оқиға екенін атап өтті.

Іс-шара соңында Мысырдағы қазақстандық студенттер Абай лирикалық өлеңдерін орындады. Сонымен қатар қонақтарға араб тіліне аударылған Абайдың "Қара сөздері" мен өлеңдер жинағы сыйға тартылды.

Baq.kz

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу