Мысыр астанасы Каирде жарылыстан бір адам қаза тапты, тағы 3-еуі жараланды, деп хабарлайды 24.kz.
Оқиға қаланың шетіндегі Маади ауданында болған. Ғимараттың күзетшісі аулада белгісіз затты көріп, қолына ала бергенде жарылғыш іске қосылады. Полицейлер ғимаратты қоршап, тергеу жүргізіп жатыр.
Әзірге жарылыстың неден болғаны белгісіз. Бірақ полиция "Ирак және Леванта лаңкестік ұйымын" жақтаушы жергілікті экстремистік топтардың әрекеті деп болжайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу