Қай әкімдіктер жұмысын ашық жүргізбей отыр

828

Жергілікті атқарушы органдар Үкімет бекіткен деректер тізбесін "электронды үкімет" веб-порталында жариялауға міндетті.

Қай әкімдіктер жұмысын ашық жүргізбей отыр

Биыл 19 сәуірдегі жағдай бойынша барлық жергілікті атқарушы орган сайтта бекітілген деректердің толық тізбесін жариялады. Алайда Түркістан, Атырау және Маңғыстау облыстары міндетін толық орындамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған өңірлердің әкімдіктері деректерді жариялау бөлігінде өз міндетін дұрыс атқармай отыр. Олар 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңның (№ 401-V ҚРЗ) 9 және 17-баптарында ұйғарылған міндеттерді орындамаған.

Тұрғындарға деректердің жариялануы ғана емес, олардың өзектілігі де маңызды. 17 өңірдің тек 10-ы ғана бекітілген деректер тізбесі бойынша ең өзекті ақпаратты ұсынды.

Ең нашар көрсеткіш Түркістан облысына тиесілі. Әкімдік деректердің барлық тізімін ұсынбаған, әрі ол жариялаған деректердің басым бөлігі өзекті емес. Жарияланған деректердің тек 49,1%-ы бүгінде өзекті болып саналады. 

Сонымен қатар бұл тізімге Маңғыстау облысы (71,8%) мен Нұр-Сұлтан (80,6%) енді. 

Ұсынылған деректер толық өзекті емес басқа да өңірлерге тоқталсақ. Мысалы, Жамбыл облысында ақпараттың өзектілігі – 93,5%, Алматы облысында – 96,8%, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында – 98,4%. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу