Қай банктер арқылы жаңа көлікті несиеге алуға болады

1246

Еліміздің автопаркінің үштен екіге жуығын шығарылғанына 10 жылдан асып кеткен ескі көліктер құрайды. 

Қай банктер арқылы жаңа көлікті несиеге алуға болады

Жаз айларына қарай елімізде 3,88 млн автомобиль тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,9 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің автопаркінің үштен екіге жуығын шығарылғанына 10 жылдан асып кеткен ескі көліктер құрайды. Ал зауыттан шыққанына 3 жыл бола қоймаған автомобильдердің саны еліміздегі жалпы көліктердің небәрі 10,9 пайызын құрап отыр. 3-7 жыл аралығында көліктердің үлесі – 15,2 пайыз, 7-10 жыл аралығындағы көліктердің үлесі – 6,4 пайыз.

Жаңа көлік сатып алғысы келетін қазақстандықтарға банктер арнайы несие өнімдерін ұсынады. Еліміздегі несие беретін ең ірі 10 банктің арасында 5 екінші деңгейлі банк (ЕДБ), атап айтқанда Еуразия банкі, ЦентрКредит банк, Халық банкі, АТФ банкі және Сбербанк жалақы жобасынан тыс жаңа автомобиль сатып алуға автонесие ұсынады.

Бұл ретте, Сбербанк жылдық ең төменгі тиімді ставканы – 19,4, Халық банкі – 21,2, ал ЦентрКредит банкі 21,9 пайыз мөлшерінде ұсынады.

Жаңа автомобиль құнының 10 пайызы мөлшерінде ең төменгі алғашқы жарнаны Сбербанк пен Еуразия банкі талап етеді. Ал бұл мөлшер ЦентрКредит банкі, Халық банкі және АТФ банкінде 20 пайызды құрайды.

Берілетін займ сомасы үш банкте нақты көрсетілген: Халық банкі мен Еуразия банкінде - 30 млн теңгеге дейін, АТФ банкінде - 15 млн теңгеге дейін.

Займды өтеу мерзімі 36 айдан бастап 84 айға дейінгі аралықты қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу