Azerbaijan Airlines (AZAL) та Ресейдің кейбір қалаларына рейстерін үзді.
– 25 желтоқсанда болған Embraer 190 ұшағының апатына қатысты тергеудің бастапқы деректерін, сондай-ақ Минеральные воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный қалаларына ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ықтимал тәуекелдерді ескере отырып Махачкалада 28 желтоқсаннан бастап сот ісі аяқталғанға дейін Ресей бағытындағы рейстер тоқтатылды, – делінген әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Turkmenistan Airlines Мәскеуге ұшуды бір айға тоқтатты.
– Түрікменстан әуе жолдары 2024 жылдың 30 желтоқсаны мен 2025 жылдың 31 қаңтары аралығында Ашхабад – Мәскеу – Ашхабад бағыты бойынша тұрақты рейстердің тоқтатылғанын хабарлайды, – делінген тасымалдаушының сайтында.
Израильдік El Al әуе компаниясы Тель-Авивтен Мәскеуге және кері рейстерді тоқтатуды 2025 жылдың наурызына дейін ұзартты.
Бұған дейін "Ресей әуе кеңістігіндегі оқиғаларға" байланысты бір аптаға тоқтатылатыны туралы хабарланған болатын.
QAZAQ AIR 2025 жылдың 28 желтоқсаны мен 27 қаңтары аралығында Астана – Екатеринбург бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлады.
– Рейстерді тоқтата тұру жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресейге ұшу тәуекелдерін тұрақты бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылды. Екатеринбургке рейстерді қалпына келтіру қайта тексеру нәтижелері жарияланып, қауіптерді бағалау жасалғаннан кейін жүзеге асырылады, – делінген авиакомпания хабарламасында.