Қай қалада азық-түлік қымбат?

2322

Елімізде жыл басталғалы азық-түлік бағасы біршама өскен. Мұны ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Қай қалада азық-түлік қымбат?

Пияз ­– 98 пайызға, сәбіз – 58 пайызға, картоп – 34 пайызға және күріш – 22 пайызға артқан.

Қымбаттаған азық-түлік тауарларының ішінде бірінші сорттағы ұн мен сол ұннан жасалған нан өнімдері, тауық еті, сиыр еті, сары май және кеспе өнімдері бар.

Ал қымбат қалалардың көшін әдеттегідей Нұр-Сұлтан бастап тұр. Ондағы өсім – 15,6 пайыз, одан кейін Жезқазғанда – 10,4 пайыз, Өскеменде – 10,2 пайыз, Семейде – 9,9 пайыз және Қызылордада 7,7 пайыз өскен. 

Дегенмен, бағасы төмендеген азық-түлік өнімдері де бар. Мәселен, жұмыртқа – 10 пайызға, ақбас қырыққабат – 8,6 пайызға, қант – 3,5 пайызға және сүзбе 3 пайызға арзандаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу