Қай қаланың тұрғындары салықты уақытында төлемей жүр?

1124

Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандықтарға салықты уақытында төлеуге кеңес береді.

Қай қаланың тұрғындары салықты уақытында төлемей жүр?

Биыл 10 айда қазақстандықтардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

МКК дерегінше, 2021 жылғы 10 айда жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд теңгеге жеткен. Оның ішінде:
- мүлік салығы бойынша – 2,9 млрд теңге (756 мың борышкер),
- жер салығы бойынша – 0,3 млрд теңге (159 мың борышкер).

Борышкерлердің ең көп саны Шымкентте (65 мың жеке тұлға), берешек сомасы – 602,5 млн теңге. Екінші орында Алматы қаласы тұр (58 мың жеке тұлға), берешек сомасы – 628,6 млн теңге. Үшінші орында Нұр-Сұлтан (38 мың жеке тұлға), 438,1 млн теңге.

Комитет 2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталғанын кейін салық органдары борышкерлерге салық берешегі туралы хабарлама жібергенін атап өтті.

"Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (2 917 теңге) мөлшерінде есептеледі. Салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады", – деп жазылған хабарламада.

Биыл 18 қарашадан бастап мүлік салығы мен жер салығы бойынша салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы салық бұйрығы жіберілген.

"Салық бұйрығы берілген күннен бастап 5 жұмыс күнінде берешек өтелмеген жағдайда тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі. Сондай-ақ шоттарды бұғаттаудан туындаған қолайсыздықты айтпағанда, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-ға дейін өндіріп алатынын ескерген жөн", – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты МКК қазақстандықтарға салықты уақытында төлеуге кеңес береді.

Айта кетейік, салық бойынша берешектің бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу