Қай министрлікте жемқорлық дерегі жиі тіркелген?

958

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысына сәйкес, елдегі министрліктердің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық жасаған.  

Қай министрлікте жемқорлық дерегі жиі тіркелген?

Бұл былтырғы жылға қарағанда 20,7%-ға артық. Антилидерлер үштігін Қаржы министрлігі бастап тұр. Аталған ведомствоның 33 қызметкері сыбайлас жемқорлықпен ұсталған. Одан кейінгі орындарда Қорғаныс министрлігі (22 адам), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (16 адам) бар, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке  сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандардың ішінде 102 қызметкер ауыр қылмыс, 4 адам – ауырлығы орташа қылмыс, тағы 4 адам – онша ауыр емес қылмыс, 1 адам – ерекше ауыр қылмыс жасаған.

Құқық бұзушылардың арасында 77 адам пара алу кезінде ұсталған. Бір жылда өсім 63,8%-ды құрап отыр. 14 адам алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық жасаған. Бұдан бөлек 7 адам лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 6 адам пара беру, ал 5 адам "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша ұсталды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі Алматыда (23 адам) тіркелген. Одан кейінгі орындарда Шымкент қаласы (12 адам) мен Алматы облысы (10 адам) бар.

Ең аз құқық бұзушылық Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Ал жаңадан құрылған үш облыста және Қарағанды, Қостанай облыстарында мұндай құқық бұзушылық жағдайлары тіркелмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу