Қай облыстарда жаңа кен орындары ашылады

1173

Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев қай облыстарда жаңа кен орындары ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қай облыстарда жаңа кен орындары ашылады

"Қазақстанда жаңа кен орындарын ашуға айтарлықтай перспектива бар. Алтын кен орындары Ақмола және Қостанай облыстары, сондай-ақ елдің орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде шоғырланған. Жаңа қорғасын-мырыш кен орындары орталық және оңтүстік Қазақстанда, кенді Алтайда, сондай-ақ Ресей және Қытаймен шекаралас аудандарда орналасқан",– деді төраға ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Талғат Сатиев вольфрам, молибден, алюминий, қалайы және тағы басқа сирек кездесетін металдар шоғырланған жаңа кен орындарын ашуға мүмкіндік барын атап өтті.

"Ол үшін мемлекет жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу, инвестиция тарту, геологиялық-минерагендік картаға түсіру, терең геологиялық картаға түсіру сынды жұмыстарды жүргізеді. Нәтижесінде перспективалы учаскелер айқындалады", - деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу