Қай өңір тұрғындары алаяқтардың арбауына жиі түседі?

591

Сектордағы ең аз құқық бұзушылық Ұлытау облысында тіркелді. 

Қай өңір тұрғындары алаяқтардың арбауына жиі түседі? Фото: ranking.kz

Биылғы қаңтар айында елімізде "Алаяқтық" бабы бойынша 3,6 мың құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырғыға қарағанда 43,8%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Оның жартысынан астамын (45%) интернет-алаяқтық құрап отыр: 1,6 мың құқық бұзушылық. Бұдан басқа елде төлем карталарын пайдалану арқылы алаяқтық жасау (21 құқық бұзушылық), несие беру (12 құқық бұзушылық), қарызға ақша алу арқылы жасалатын алаяқтықтың 1 жағдайы тіркелді.

Қаңтарда барлығы 13,3 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның 27%-ы – "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар.

"Алаяқтық" бойынша ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматыда тіркелді: 755 жағдай. Антилидерлер үштігінде Астана (668 жағдай) және Атырау облысы (204 жағдай) бар.

Сектордағы ең аз құқық бұзушылық Ұлытау облысында тіркелді: 40 жағдай. Сондай-ақ, ең аз қылмыс жасалған өңірлерге Солтүстік Қазақстан (65 жағдай) және Түркістан (73 жағдай) облыстары кіреді.

Алаяқтықпен байланысты құқық бұзушылықтарды жұмыссыздар жиі жасаған: 462 адам. Ресурстың жазуынша, бұдан басқа алаяқтардың арасында 16 жұмысшы, 12 мемлекеттік қызметші, 4 жеке кәсіпкер, 4 оқушы, 2 әскери қызметші болған.

Биыл алаяқтық бойынша 59,9 млрд теңге залал келтірілген. Оның ішінде мемлекетке – 46,2 млрд теңге, жеке тұлғаларға – 13,7 млрд теңге, заңды тұлғаларға – 35,1 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу