Қай өңір тұрғындарының банкте жинаған ақшасы көп

754

Қазақстандықтардың депозиттеріндегі  ақша 10,3 трлн теңге.

Қай өңір тұрғындарының банкте жинаған ақшасы көп

Ең көп ақша жиналып жатқан депозиттер Алматы банктерінде, деп хабарлайды  LS.

Ұлттық банк ақпарына сәйкес, биылғы жылдың 1 мамырында Алматы тұрғындарының банктердегі депозиттері 3,1 трлн теңге болған. Талап етілетінге дейінгі жинақтардағы сома 5,4 млрд теңгеге жеткен, ал шұғыл жинақтардағы сома 3 трлн теңге болған.

Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Бұл қаладағы жеке тұлғалар салымы 952,6 млрд теңге. Оның ішінде 951,4 млрд теңгесі – шұғыл, ал 1,1 млрд теңгесі – талап етілгенге дейінгі.

Депозиттері  516,6 млрд теңгеге жеткен Қарағанды облысы үшінші орында тұр. Оның ішінде шұғыл салым 515 млрд теңге, талап етілгенге дейінгісі  954 млн теңге.

Биылғы жылдың төрт айында жеке тұлғалар  депозитінде  ең аз ақша болған облыстар  – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан.

Резидент  еместердің ақшасын есептемегендегі қазақстандықтардың депозиттеріндегі  ақша 10,3 трлн теңге. Жеке тұлғалар үлесінде 7,5 трлн теңге. Оның ішінде ұлттық валютадағы шұғыл салым – 4,1 трлн теңге, шетелдік валютадағы 3,3 трлн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу