Статистика комитетінің есебіне сенсек, салалар ішінде ең жоғары 458 мың теңге айлық қаржы сақтандыру қызметінде. Тау-кен өнеркәсібі мен кен қазу ісінде 387 мың теңге көлемінде. Кәсіби, ғылыми және техникалық секторда 315 мың теңге.
Ал аймақтар бойынша ең көбі Атырау облысында тіркелді. Мұнда жұмысшыға орта есеппен 325 мың теңге төленсе, Маңғыстау облысында бір қызметкердің айлығы 289 мың теңгеден артық. Ең азы Жамбыл облысында – 126 мың теңгеден сәл ғана асқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу