Қай өңірде бос жұмыс орны көп екені анықталды

1200

Бірқатар облыста жұмысқа сұраныс ұсыныстан асып түседі. 

Қай өңірде бос жұмыс орны көп екені анықталды

2020 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда ең көп (17,7 мың) бос жұмыс орындары Қостанай облысында тіркелген, деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметі.

Екінші орында 15,8 мың бос орын көрсеткішімен Нұр-Сұлтан тұрса, үшінші сатыда 10,9 мың көрсеткішімен Қарағанды облысы тұр. 

Ал ең аз бос орындар саны Маңғыстау облысында анықталған. Мұнда бар болғаны 3,1 мың, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – әрқайсында 3,6 мың бос орыннан тіркелген.

"Бірқатар облыстарда жұмыс іздеушілер саны ұсынылған бос жұмыс орындарынан  артық. Мысалы Түркістан облысында жұмыс іздеушілердің саны – 8,9 мың, Маңғыстау облысында – 6,9 мың, Қызылорда облысында – 6,5 мың түйіндеме орналастырылды. Бұл өңірлерде жұмысқа сұраныс ұсыныстан асып түседі. Маңғыстау облысында 100 бос орынға 219 түйіндеме, Қызылорда облысында – 182 түйіндеме, Түркістан қаласында – 112 түйіндеме, Алматы облысында – 105 түйіндемеден келеді", – деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еліміздің кейбір облыстарында керісінше бос жұмыс орындары жетерлік. Алайда жұмыс іздеушілер саны аз. Қостанай облысында 100 бос орынға 16 түйіндеме, Нұр-Сұлтанда – 26 түйіндеме, Алматы – 27 түйіндемеден келеді.

Естеріңізге салсақ, Жұмыспен қамтудың жол картасы (ЖЖК) және түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында биылғы жылы жұмыспен шамамен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған. Қазіргі кезде Жол картасы аясында 1265 жоба жүзеге асырыла бастады. Нәтижесінде 17 мың жұмыс орны құрылып, 10,3 мың адам жұмыспен қамтылмақ. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу