Биыл қазан айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда кино билеттері Атырауда қымбаттаса, ал Астанада керсінше арзандады. Бұл туралы ranking.kz деректерінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Зерттеуден белгілі болғандай, Қазақстанда киноға кіретін ең қымбат билеттер Атырауда сатылады. Осы қалада билеттің орташа құны 1749 теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,1 пайызға жоғары болды. Астанада орташа баға 1506 теңгені қамтып, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 1,8 пайызға арзандаған.
Қарашаға қарай Қазақстанда кино билетінің құны орташа есеппен 1 224 теңгені құрап, бір ай бұрынғы деңгейден 0,2 пайызға артықтау.
Атап айтқанда, 2018 жылдың қаңтар-қарашасында мәдениет, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызметтер бойынша баға өсімі былтырғы осы кезеңге қарағанда 5,2 пайызға жетті. Сонымен бірге, аталған уақытта кино қызметтерінің құны 0,8 пайызға ғана көтерілді.
Мұндай көрініс соңғы жылдары тұрақты тұрде байқалуда. Осы арқылы, кино ең қолжетімді әрі баяу қымбаттайтын қызмет түрі болып отыр.