Осы жылдың қазан айында еліміздегі қоқыс шығару қызметі үшін орташа тариф 322 теңгені (бір адамға) құрады. Былтырғыға қарағанда көрсеткіш 13,6%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының тұрғындары қоқысты шығару үшін 553 тг төлейді. Қымбат тариф Семей (470 тг) және Қостанай (401 тг) қалаларында да тіркелген.
Ең төменгі тариф Тараз қаласында – 94 тг.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу