Қай өңірде көлік көп тіркеледі?

858

Ең қызығы, машиналар мегаполистерде емес, облыстарда жиі тіркеледі екен.  

Қай өңірде көлік көп тіркеледі?

Биыл сегіз айда бастапқы және қайта тіркеу рәсімінен 689 451 машина өтсе, тек тамыздың өзінде 133 240 көлік тіркеліпті. ҚАБА берген мәліметке сай, өткен айдағы сан алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған ТЖ режимінен кейін автосалондардың қайта ашылуы және армениялық көліктерді есепке қою себеп болды. 

Дегенмен жалпы нәтиже былтырғы жылмен салыстырғанда 17 %-ға төмен. Машиналардың басым бөлігі (88.6 %) қайта тіркелген. Осы орайда, көлік тек сатылғанда емес, техникалық құжатына өзгеріс енгенде де қайта тіркелетінін айта кеткен жөн. 

Ең қызығы, машиналар мегаполистерде емес, облыстарда жиі тіркеледі екен. 2020 жылдың сегіз айында Алматы облысында 95 540 көлік тіркелді. Екінші орында Алматы (88 847), үшінші орында Түркістан облысы (60 892) тұр. Ал көлік ең аз тіркелген аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы (16 299). 

Маркасына келер болсақ, көш басында әдеттегідей Toyota (107 099) тұр, оның ізін ала Lada (94 548) жайғасса, үштікті Volkswagen (45 773) түйіндейді. Үздік бестік тізімінде Mercedes-Benz (39 442) пен Hyundai (32 897) бар. 

 Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу