Қай өңірдің ауыл шаруашылығы инвесторлар үшін тартымды болды

863

Өткен жылы АӨК-ке 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салынды.

Қай өңірдің ауыл шаруашылығы инвесторлар үшін тартымды болды

Өткен жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвесторлар 429 млрд теңгеден астам қаржы салды, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

"2019 жылдың қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығына инвестиция ретінде 429 млрд 49 млн 481 мың теңге тартылды. Бұл 2018 жылдың 11 айындағы деректермен салыстырғанда өсім 37,3% құрады",– деп хабарлады министрлік.

Бұл қаржының 77%-нан астамы, яғни 328 млрд 222 млн теңгесі немесе 868 млн АҚШ доллары инвесторлар мен бизнесмендердің өз қаражаты екен. Ал, қалған 100 млрд теңгеге жуық қаржы банктер мен несие берушілердікі.

"Инвесторлар еліміз бойынша ең көп  қаржыны – 93 млрд 495,8 млн теңге Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласына (республика бойынша барлық инвестиция соманың 21,8%) салған. СҚО-ға бөлінген қаражаттан екі есе аз сома Ақмола, Қостанай, Павлодар және Түркістан өңірлеріне (44,2-49,7 млрд теңге) тартылған",– делінген хабарламада.

Айта кету керек, Павлодар облысы 2019 жылы агросекторға 2018 жылға қарағанда үш есе көп инвестиция тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу