Қай өңірдің тұрғындары онлайн санаққа белсенді қатысып жатыр

742

sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қай өңірдің тұрғындары онлайн санаққа белсенді қатысып жатыр

6 қыркүйек сағат 9:00-дегі жағдай бойынша 302159 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 271066-сы sanaq.gov.kz сайтында, 25669 Egov орталындағы сайт сілтемесін пайдалана отырып жауап берсе, 5424 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты, деп мәлімет берді Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Алғашқы бес күннің қорытындысы бойынша санаққа қатысу жағынан мегаполистер алға шыққан. 46480 астаналық тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 43690 адам Алматыда тіркелген. Үздік үштікті Шымкент түйіндеді. Мұнда 40791 адам санақ сауалдарына жауап берді. Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Атырау облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 3350 және 2542 адам санақтан өтіпті.

Азаматтардан санақ кезінде алынған барлық ақпараттар Ұлттық статистика бюросының орталық серверіне жіберіледі. sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу