Қай өңірге инвестиция көп тартылды?

1315

Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Алматы, Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында инвестиция аз тартылған. 

Қай өңірге инвестиция көп тартылды?

2021 жылы Шымкент қаласы, Ақтөбе және Қостанай облыстарында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай жоғары болған. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы primeminister.kz

2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 трлн теңге болды, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 7,3% артық.

Инвестиция өсімінің негізгі локомотиві – шикізаттық емес секторлар. Мәселен, инвестицияның нақты көлем индекстері өңдеу өнеркәсібінде 1,4 есе, құрылыста 1,2 есе, ауыл шаруашылығында 1,3 есе өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өсімінің неғұрлым жоғары көрсеткіштеріне металлургияда (+27%), тоқыма өндірісінде (+28%), фармацевтикада (+39%), химия өнеркәсібінде (+55%), минералдық өнімдерде (+100%) қол жеткізілді. 

"Республика бойынша негізгі капиталға инвестицияны тарту бойынша жылдық жоспар 94% орындалды. Нысаналы көрсеткіштер Шымкент қаласында (115,5%), Ақтөбе (101,8%) және Қостанай (101,3%) облыстарында асыра орындалды. Қарағанды облысында (99,9%), Алматы қаласында (99,8%), Атырау (99,1%), Жамбыл (97,4%), Павлодар (96,2%) облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында (96,1%) сәл артта қалушылық бар. Шығыс Қазақстан (92,1%) және Маңғыстау (90,8%), Алматы (89,7%), Ақмола (89,4%), Түркістан (82,5%), Солтүстік Қазақстан (80,4%) облыстарында жоспар орындалмаған. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда (66,4%) облыстарында тіркелді", - деп жазылған хабарламада.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша аталған өңір әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

"Көш соңында қалған өңірлер белгіленген KPI қатаң сақтау қажеттігіне назар аударуы тиіс. Нысаналы индикаторларға қол жеткізбегені үшін әкімдерге дербес жауапкершілік жүктеледі. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырсын", - деді Әлихан Смайылов.

2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 49% артып, 18,7 млрд доллар болды. 
Экономикаға іс жүзінде барлық негізгі инвестор елдер бойынша капитал ағынының өсуі байқалады. Үздік ондыққа Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Бельгия, Түркия, Оңтүстік Корея және Франция енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу