Қай өңірлер "қызыл аймақта" тұр

2371

Елімізде өткен тәулікте 1832 адамнан коронавирус анықталып, індет басталғалы оны жұқтырғандардың жалпы саны 375 014-ке жетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК мәліметіне сүйеніп.

Қай өңірлер "қызыл аймақта" тұр

Ең көп жағдай Алматы қаласында тіркелді, мегаполисте 398 адамнан COVID-19 анықталған. Одан кейін Қарағанды облысы тұр, 24 сағат ішінде 355 науқас тіркеліпті. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 179 жағдай анықталды. Сәйкесінше бұл үш өңір де "қызыл аймақта".

Сондай-ақ "қызыл" аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан да бар. 

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары, ал "жасыл" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу