Қай өңірлерде азық-түлік бағасы жылдам өсті

919

Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қай өңірлерде азық-түлік бағасы жылдам өсті

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 0,9% болды.

"Бір аптада пияз 7,2%-ға, сәбіз 2,6%-ға, қырыққабат 2,5%-ға, картоп 2,2%-ға, сүт 1,8%-ға, құс еті мен айран 1,6%-ға, қант 1,1%-ға қымбаттаған. Өңірлер бойынша бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында 2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 1,9%-ға, Ақмола және Қызылорда облыстарында 1,5%-дан тіркелді", – деп жазылған хабарламада.

Жыл басынан бері ӘМАТ бағасы 12,4%-ға көтерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу