Қай өңірлерде балалар арасында суицид жиі тіркеледі?

1376

6 айда балалар мен жасөспірімдер арасында 105 суицид дерегі тіркелген. 

Қай өңірлерде балалар арасында суицид жиі тіркеледі?

Биыл Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында суицид көрсеткішінің өскені байқалады. Бұл туралы депутат Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Құжатты Динара Зәкиева таныстырды.

Оның айтуынша, суицид – Қазақстан қоғамы үшін балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселе. 

«2021 жылғы 6 айда елде аяқталған 105 суицид дерегі және 193 суицид әрекеті тіркелді. Бұл ретте: Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында суицид көрсеткішінің өсуі байқалады. Бұл – өте қорқынышты көрсеткіш. Осыған байланысты заң жобасында бұл мәселені шешу үшін орта білім ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмысын үйлестіру тетіктерін реттеу ұсынылады»,– деді Мәжіліс депутаты.

Аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу