Қай өңірлерде бастауыш оқушылары 100% тегін тамақ ішетіні белгілі болды

1160

Елдегі бастауыш оқушыларын тамақпен қамту көрсеткіші 50 пайызға жетпейді. Қазіргі көрсеткіш – 41% (607 мыңнан астам).

Қай өңірлерде бастауыш оқушылары 100% тегін тамақ ішетіні белгілі болды

Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов парламент депутаттарына жолдаған жазбаша https://parlam.kz/ru/mazhilis/question-details/18941 жауабында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Үкімет мүшесінің жазуына қарағанда, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында бастауыш оқушылары түгел мектепте тегін тамақтанады.

Ал Ақмола мен Маңғыстау облысында 1-сынып оқушылары 100% қамтамасыз етілген.

"Қыркүйектен бастап Алматы қаласының 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланған. Мәселе кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады", – дейді Тоғжанов.

Оның сөзіне қарағанда, елдегі 1,5 млн бастауыш сынып оқушысына 100% тегін бір реттік тамақтандыру ұйымдастыруға жыл сайын шамамен қосымша 150 млрд теңге қажет. Ал 1-11 сынып оқушыларын толық қамтуға 380 млрд тг. керек болады.

Барлық сыныптағы оқушының 25,5%-ы (851 497 оқушы) тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен бірге 7 458 бала тегін буфеттік тағаммен қамтылған

"Үкімет әлеуметтік қолдау шараларын балалардың мүддесін көздейтін 2023-2027 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде пысықтауды жоспарлап отыр, оны әзірлеу мәселесі балалар жылын өткізу жөніндегі жоспарда көзделген", – дейді Тоғжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу