Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

870

Қазақстанда 8 өңір "қызыл аймақта".  

Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, жалпы республикадағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының көрінісі төмендегідей: 

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 

"Сары аймақта": Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары. 

"Жасыл аймақта": Қостанай және Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше елімізде 9 өңір "қызыл аймақта" болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу