Жыл басынан бері Қазақстанда құмшекер 3,3%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атырау (1 келісі – 337 теңге), Нұр-Сұлтанда (1 келісі – 319 теңге), Семей, Өскенменде (1 келісі – 314 теңге) қант қымбатқа сатылған.
Тараз (1 келісі – 252 теңге), Алматы (1 келісі – 273 теңге) және Талдықорғанда (1 келісі – 275 теңге) қант бағасы төмен болған.
Қанттың нақты бағасына тоқталсақ, Ақтөбеде өткен жылы қарашаның басынан бастап құмшекердің 1 келісі 310-315 теңгеден сатылған.
Алайда биыл өткен сенбіде Ақтөбеде қанттың 1 келісі 368 теңгеге дейін қымбаттады. Қазақстан өңірлерінде қанттың 1 келісі 600 теңгеге сатылып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу