Қай өңірлерде қант, шоколад және кондитерлік өнімдер қымбаттады

772

Биыл тәтті өнімдерді тұтыну 2%-ға өскен.

Қай өңірлерде қант, шоколад және кондитерлік өнімдер қымбаттады

2021 жылғы екінші тоқсанда Қазақстанда қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдерді тұтыну өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға, жан басына шаққанда орта есеппен 11 келіге өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Кондитерлік өнімдер мен қанттың көп бөлігін Қарағанды облысының тұрғындары тұтынады: 13,1 келі, бір жылда плюс 0,8%.

Сондай-ақ тәтті өнімдерді көп тұтынатындар арасында Қызылорда (12,9 келі, бір жылда плюс 5,4%) және Ақмола (12,9 келі, бірақ минус 4%) облыстарының тұрғындары бар.

Шымкент тұрғындары тәтті өнімдерін аз тұтынады: бір тоқсанда орта есеппен жан басына шаққанда 7,2 келі – өткен жылмен салыстырғанда 8,4%-ға аз, ал Қостанай облысында тәттілерді тұтынудың айтарлық өсімі байқалған: бір жылда 16,6%, 11,7 келі.

Биыл екінші тоқсанында тәтті өнімдердің арасында құмшекерді тұтыну 9,7%-ға, жан басына шаққанда 4 келіге қысқарған.

Тосап (варенье), джем, повидло (10,5%, 578 грамға дейін), бал (10,1%, 241 грамға дейін), шоколад (5,9%, 225 грамға дейін) және балмұздақты тұтыну да (0,2%, жан басына шаққанда 596 грамм дейін) азайған.

Сонымен қатар тазартылған қантты (27,3%, 154 грамға дейін), шоколадпен жылтыратылған кәмпиттерді тұтыну (1,9%, 873 грамға дейін) артқан.
2021 жылғы екінші тоқсанда бір адам тұратын үйде қант, кондитерлік өнімдер мен балдың орташа тұтынылуы 19,3 келі, екі адам тұратын үйде – 14,9 келі, үш адам тұратын үйде – 11,9 келі, төрт адам тұратын үйде – 10,3 келі, бес және одан да көп адам тұратын үйде 8,8 келі болды.

2020 жылы әрбір қазақстандық ай сайын орта есеппен 3,6 келі тәтті өнімдерін тұтынған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ға аз.

Биыл тамыздың қорытындысы бойынша қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдердің бағасы бір айда 0,8%-ға, ал бір жылда 15,8%-ға өскен. Атырау облысы (бір жылда 23,3%), Шымкент (22,4%) және Түркістан облысының (22%) тұрғындары тәтті өнімдерінің айтарлықтай қымбаттағанын сезген. Алматыда да баға көтерілген: 10,6%. 

Тәтті өнімдерінің арасында қант жылдық динамикада 32,6%-ға, джем және бал – 9,2%-ға, кондитерлік өнімдер – 7,6%-ға, оның ішінде шоколад – 8,7%-ға, карамель – 7,4%-ға, шоколадпен жылтыратылған кәмпиттер – 6,4%-ға қымбаттады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу