Қай өңірлерде сумен жабдықтау нысанында апат жиі тіркеледі?

566

Елде сумен жабдықтау нысанындағы апат дерегі азайған, бірақ су құбыры желілерінің ұзындығы артқан.

Қай өңірлерде сумен жабдықтау нысанында апат жиі тіркеледі?

2020 жылы Қазақстанда сумен жабдықтау нысандарында 1,9 мың апат болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,7% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде 1,7 мың апат тікелей сумен жабдықтау желілерінде тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,4% аз.

Жалпы апат саны жылдан жылға азайып келеді. Мысалы, 2015 жылы сумен жабдықтау нысандарында 6,1 мың апат тіркелді, ал 2010 жылы – 25,9 мың апат, яғни 2020 жылмен салыстырғанда 14 есе көп. 

17 өңірдің жетеуінде сумен жабдықтау нысандарында апат дерегі азайған. Ең үздік көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында. Мұнда апат саны бір жылда 2 есе азайған, 2019 жылы 77 апат болса, 2020 жылы ол 35-ке дейін төмендеген.

Сондай-ақ Алматыда да апат саны 2 есе (1080-ден 559-ға дейін), Маңғыстау облысында апат саны үштен бірге (19-дан 13-ке дейін) азайды. 

Сонымен қатар Атырау облысында өткен жылмен салыстырғанда апат саны 2,4 есе көп тіркелді – 83 дерек.

2020 жылы Түркістан (3 дерек) және Ақтөбе облыстары, Шымкентте (7 дерек) апат саны ең аз тіркелген, ал Алматы (559 дерек), Павлодар (252 дерек) және Ақмола (199 дерек) апат саны ең көп тіркелген.

Апаттың айтарлықтай төмендеуіне елдегі су құбыры желілері ұзындығының жылдан жылға артуы себеп. Мысалы 2020 жылы ол 85,1 мың шақырымға жетті, өткен жылмен салыстырғанда 1,4% артық. 

Айта кетейік, коронадағдарыс және карантин шектеулеріне қарамастан су құбыры желілерінің ұзындығы ұлғайған.

Оның ішінде су құбырларына 27,2 мың шақырым желі, көшедегі желілер – 45,2 мың шақырым (өткен жылмен салыстырғанда 2,6% артық), орамішілік және аулаішілік желілер – 12,7 мың шақырым (бір жылда плюс 0,4%). 

2019 жылы желілердің ұзындығы 83,9 мың шақырым болды, өткен жылмен салыстырғанда 6,4% артық, ал 2015 жылғы көрсеткіш 67,9 мың шақырым, 2010 жылы желілердің ұзындығы 50,4 мың шақырым болған. 

Осылайша, су құбыры желілерінің ұзындығы 5 жылда 25,4% артып, 10 жылда  68,8% өскен.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу