Қай өңірлердің ауасы қатты ластанып жатыр

887

Пандемия мен карантинге қарамастан ел кәсіпорындарының экологияға зинды әсері төмендеген жоқ. 

Қай өңірлердің ауасы қатты ластанып жатыр

2020 жылы ел кәсіпорындары атмосфераға 2,4 млн тонна ластаушы заттар шығарды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 1,7%-ға төмен, деп хабардайды inbusiness.kz.

Өңірлер бойынша шығарындылардың ең көп мөлшері Павлодар облысының кәсіпорындарына тиесілі: 723 мың тонна, + 0,2%. Өнеркәсіптік Қарағанды ​​және Атырау облыстары да нашар көрсеткіштер бойынша алда тұрған үш облыстың қатарына кірді: сәйкесінше 627,7 мың және 154 мың тонна. Осы үш аймаққа жалпы шығарындылар көлемінің 61,6%-ы тиесілі.

Салалар бойынша шығарындылардың көп бөлігі немесе 86,6% өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығарылады: 2,1 млн тонна – бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,9%-ға аз. Оның 944,5 мың тоннасы электрмен және жылумен жабдықтаушы кәсіпорындардың, 778,7 мың тоннасы өңдеуші кәсіпорындардың, 343,8 мың тоннасы тау-кен кәсіпорындарының, 45,8 мың тоннасы сумен жабдықтау, кәріз жүйесі және жинау мен бақылау кәсіпорындарының үлесінде.

Зиянды қалдықтардың тағы 6,9%-ы көлік және қойма кәсіпорындарына (106 мың тонна), сондай-ақ білім беру саласына (63,1 мың тонна) тиесілі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу