"Қай ұлттың есімі?": Қымбат Досжан немересіне ерекше ат қойды

2627

Журналист бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  

"Қай ұлттың есімі?": Қымбат Досжан немересіне ерекше ат қойды Фото: instagram.com/kymbatdoszhan

Белгілі тележүргізуші, журналист Қымбат Досжан жақында өмірге келген немересіне ерекше есім берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты - қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен", - деп жазды Қымбат Досжан. 

Журналист Асқар Сүлейменовпен алғашқы кездесуін еске алып, емересіне оның анасының есімін беру туралы шешімге қалай келгені туралы жазды. 

"Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш "Жетінші палата" спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құс мұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды", - деді ол. 

Сонымен қатар тележүргізуші оқырмандарынан қандай есім сәнде екенін сұрады. 

"Ал сіздер ұл-қыздарыңызды қалай атап жүрсіздер? Европаша ма, арабша ма, әлде қазақша ма? Қай ұлттың есімі ұнайды?" - деген жазба жариялады журналист желіде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу