Қай вакцинаның тиімділігі жоғары?

12927

"ОЛИМП" зертханасы коронавирусқа қарсы екпе алған науқастардың поствакциналық антиденелер талдауының нәтижесін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы зертхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қай вакцинаның тиімділігі жоғары?

Талдау 2021 жылғы 7 маусым – 4 тамыз аралығында елордадағы зертханада жүргізілген. Оған поствакциналық антиденелердің бар-жоғын тексеру үшін 962 адам талдау тапсырған. Олар 6 түрлі екпе алған. 

"Спутник V" вакцинасын 866 адам, Hayat-Vax екпесін 58 адам, отандық QazVac вакцинасын 14 адам, CoronaVac екпесін 12 адам, Pfizer вакцинасын 9 адам, AstraZeneca екпесін 3 адам салдырған", - деп жазылған хабарламада. 

Аталған зертхананың бас директоры Ерлан Сүлейменов талдаудың қорытындысы өзгеруі мүмкін екенін айтты.

"Зерттеу нәтижесі бойынша "Спутник V" салдырғандардың 97%, Hayat-Vax –90%, QazVac – 79%, CoronaVac – 92%,  Pfizer және AstraZeneca – 100%  поствакциналық антиденелер анықталды. Әзірше зерттеуден өткен пациенттердің саны онша көп емес. Сондықтан талдау тапсырғандардың қатары өскен сайын көрсеткіштер айтарлықтай өзгеруі мүмкін", - деді басшы.

Айта кетейік, поствакциналық антиденелерді тексеруге арналған талдауды вакцинаның екінші дозасын алғасын 3 аптадан соң тапсыру керек.
Қазақстан, коронавирус, вакцина, екпе, тиімділік, зерттеу

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу