Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің сайтында жарияланған. Заң 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау кодексінің 7-бабының 103-тармақшасына сәйкес бұйырамын: Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттарын жаңа редакцияда бекіту", – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында.
Бір реттік ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде ас қабылдау екінші сабақтан кейінгі үзілісте қамтамасыз етілуі керек және оған 10-30 минут уақыт бөлінеді.
Білім беру ұйымдарында өндірілмейтін және сатуға болмайтын азық-түлік өнімдері мен шикізаттардың ішінде қайта мұздатылған ет пен құс, балық өнімдері, механикалық жолмен сүйектен ажыратылған ет өнімдері кіреді. Оның үстіне алты айдан ұзақ сақталған мұздатылған ет блоктары мен құрамында 20%-дан көп майлы және дәнекер тіні бар сиыр еті. Тіпті, бауыр, тіл, жүрек және қаннан басқа субөнімдері де тыйым салынды.
Ластанған немесе қабығы зақымдалған жұмыртқа ғана емес, пастеризациядан өтпеген сүт пен сүт өнімдері қойылмайды. Ащы дәмдеуіштер (бұрыш, қыша, желкек) мен йодталмаған тұз да пайдаға жарамайды.
Сонымен қатар, кешегі тамақ қалдықтарын жаңа тамақпен араластыру, салқындатқыш жабдығынсыз сақталған өнімдерге, дайын тамақтарды екі сағаттан артық сақтап, сатуға тыйым салынды.
Тыйым салынған тағамдар:
• Қаймақ, сүзбе, айран
• Фарш салынған құймақ
• Фарш қосып пісірлеген макарон
• Паштеттер, студень
• Кремді кондитерлік өнімдер
• Тәттілер
• Морс, квас
• Қуыру майында қуырылған тағамдар
• Шикі жұмыртқадан жасалған омлет
• Майонез және қаймақ қосылған салаттар
• Окрошка
• Саңырауқұлақтар
• Үй жағдайында дайындалған консервілер
• Жылдам дайындалатын құрғақ сорпалар
• Фаст-фуд өнімдері (гамбургер, хот-дог, пицца, наггетс, чипсы, дәмді сухариктер)
• Кетчуп, өткір соустар
• Пастеризациядан өтпеген сүт өнімдері
• Шұжық өнімдері, ысталған еттер
• Кофе және кофе сусындары
• Тұз мөлшері 0,5%-дан, қант мөлшері 25%-дан жоғары өнімдер
• Алкоголь, абрикос дәндері, сірке суы қосылған өнімдер