Қайнарбұлаққа су келді

958

Қайнарбұлаққа су келді

Жаңа жыл қарсаңында Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындарына таза ауыз су берілді, деп хабарлайды Отырар арнасы. Осыдан 2 жыл бұрын басталған су құбырын тарту жұмысы аяқталды. Нәтижесінде 6500-ден астам тұрғын тіршілік нәрін 24 сағат пайдалануға қол жеткізіп отыр.

"Строй жол сервис" серіктестігі су құбырын тарту жұмысын 2014 жылы бастаған. Құрылыс жобасы бойынша 366 шақырым құбыр тартылды. Бүгінде осы құбырлар арқылы 300-ден астам отбасыға таза су берілді.

Бұған дейін ауыл халқы тіршілік нәрін жерасты ұңғымасынан пайдаланып келіпті. Бес баланың анасы Нәзира Жұбанова: "ауламызға су келіп, бірінші кезекте, су таситын бала-шағаның қуанышында шек болмады", – дейді.

Енді бір жетіде Қайнарбұлақ саяжайының тұрғындары толығымен суға қосылады. Десе де, ауыл халқының айтар талаптары да баршылық. Олар: "бұзылған жол қалпына келтірілсе", – дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу