Бұл туралы Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қостанай облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен "Қайрақ" автомобиль өткізу бекетіндегі шекарашылар "Газель" маркалы көлігін ұстады. Көліктен әскери шлемдер мен тактикалық рюкзактар табылды. Жүктің ілеспе құжатында тауардың қайдан шыққаны, қайда баратыны туралы мәлімет жоқ. Аталмыш көлік қазірше өткізу пунктінің аумағында болады. Тауарлардың қайдан келгенін, оны жіберушілер кім екенін анықтау шаралары қабылданады", - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Заңсыз тауардың мән-жайы анықталған соң, оған қатысы бар азаматтар жауапқа тартылып, жүк мемлекет пайдасына тәркіленеді.