Алматылық "Қайрат" қызығушылық танытқан Әзербайжан құрамасының қақпашысы Салахат Агаев мансабын отанында жалғастыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды prosports.kz.
Futbolinfo сайтының мәліметінше, "Қайрат" тәжірибелі қақпашы үшін "Нефтчи" клубына 235 мың доллар төлеуге дайын болған. Алайда Салахат Агаев "Нефтчи" клубымен келісімшартын ұзартуды жөн деп шешіпті.
28 жастағы қақпашы мансабын тек Әзербайжанда өткізген. Өткен маусымда "Нефтчи" командасында 28 матч өткізіп, оның 12-сінде қақпаға доп өткізбеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу