Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов Cирияаралық келіссөздегі АҚШ делегациясының басшысы, Таяу Шығыс мәселелері жөніндегі АҚШ мемлекеттік xатшысы көмекшісінің міндетін атқарушы Стюарт Джонсты қабылдады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында өзекті халықаралық мәселелер, оның ішінде Астана процесі аясындағы мәселелер талқыланды. Қайрат Әбдіраxманов сириялық қақтығысты реттеудің өңірдегі тұрақтылық және xалықаралық терроризмге қарсы күрес тиімділігі үшін маңыздылығын ерекше айтып өтті, сондай-ақ Астана процесіне АҚШ-тың қатысу деңгейінің жоғарылауын құптады.
Стюарт Джонс Қазақстанның аймақтағы тұрақтылықты нығайтудағы күш-жігерін жоғары бағалады.
Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту бойынша, соның ішінде 28 сәуірде сыртқы саяси ведомство басшысы мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар аясындағы жұмысты жалғастыруға келісті.