Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті

1092

ЕҚЫҰ жоғары өкілі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына қатысуда.

 Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

ЕҚЫҰ жоғары өкілі қалыптасқан дәстүр бойынша президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізіліп жатқан бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің жұмысына қатысуда.

Бас хатшы "әсіресе көпжақтылық үлкен қысымға ұшыраған кезеңде" Ұйымға шынайы бейілділігі мен тұрақты түрде қолдау көрсетіп жатқаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан ЕҚЫҰ-ны қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңызды және сұранысқа ие ұйымдардың бірі деп санайды. Ұйым кейбір елдерде қайшылықтарды еңсеріп, жанжалдар шешілуі үшін одан да көп нәрсе жасай алады. Осыған байланысты қазақстандық тарап бітімгершілік миссиясын жалғастыруға дайын. Астана Саммитінің мұрасын ескере отырып, жаңа құқықтық база негізінде Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздікті нығайту жөніндегі келіссөздерді бастау өте маңызды. Ол қауіпсіздіктің үш өлшемі, құрылымдық диалогты талқылау, терроризмге және трансұлттық қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету, орнықты дамуға жәрдемдесу, адам құқықтарын қорғау мәселелері шұғыл түрде қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін шоғырландыруды талап ететінін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға қолғабыс ететін ЕҚЫҰ құрылымдарын Ұйым жауапкершілігінің бүкіл аймағында тең жағдайда орналастыру маңыздылығына тоқталды. Болашақта мұндай құрылымдардың бірі ретінде ЭКСПО инфрақұрылымының базасында экономикалық байланыс, тиімді басқару, жасыл экономика, апат және энергетикалық қауіпсіздік қатерін азайту саласындағы озық тәжірибемен алмасуға негізделген ЕҚЫҰ-ның Тақырыптық орталығын құруға бола алар еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу