Қайрат Әбдірахманов Германияның СІМ басшысын Қазақстанға шақырды

646

Қазақстан және Германия сыртқы істер министрлері қазақстан-герман ынтымақтастығының келешегін талқылады.

Қайрат Әбдірахманов Германияның СІМ басшысын Қазақстанға шақырды

Қазақстан cыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Германия cыртқы істер министрі Хайко Мааспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін одан әрі дамытуды және 2017 жылғы шілдеде Астанада өткен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің келіссөздерінің негізінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын егжей-тегжейлі талқылады.

Өткен жылғы Германия басшысының сапары барысында 1 миллиардтан астам АҚШ доллары көлеміндегі 21 жобаға қол қойылған экономикалық және инвестициялық келісімдер нәтижелі жүзеге аса бастады. Бірлескен күш-жігердің арқасында 2017 жылы сауда көлемі 5 млрд еуроға жетіп, неміс инвестицияларының 90%-дан астамы біздің экономикамыздың "шикізаттық емес" секторына бағытталған.

Тараптар экономиканы жаңғырту және индустрияландыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілік білдірді. Осыған байланысты Қайрат Әбдірахманов Германия тарапын "Астана" Халықаралық қаржы орталығы, IT-стартап паркі, сондай-ақ Жасыл технологиялар және ивестициялық жобалар халықаралық орталығының іске қосу аясында ашылып жатқан мүмкіндіктерді белсенді түрде игеруге шақырды. Тараптар бизнес-қауымдастық үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге уағдаласты.

Қорытындысында сыртқы істер министрлері алдағы түрлі деңгейдегі екіжақты байланыстардың кестесін талқылады. Қайрат Әбдірахманов Хайко Маасты Қазақстанға сапармен келіп қайтуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу