Қайрат Әбдірахманов ИЫҰ министрлерінің кеңесінде сөз сөйледі

965

Қайрат Әбдірахманов ИЫҰ министрлерінің кеңесінде сөз сөйледі

СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов бастаған Қазақстан делегациясы Бангладештегі Дакка қаласында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесі 45-ші сессиясының жұмысына қатысуда, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі..

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Бангладеш және Мьянма шекара маңы аймағынан рохинджа халқының жаппай көшу нәтижесінде туындаған ауқымды гуманитарлық дағдарыс. Қайрат Әбдірахманов өз сөзінде Қазақстан рохинджа халқын қорғаудағы ұжымдық ерік-жігер мен жауапкершілікті толық ұстанатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың сәуір айында Қазақстан үкіметі Бангладештегі Рохинджа босқындарына 500 мың доллар көлеміндегі гуманитарлық көмек көрсетіп, олар орналасқан жерлеріне жеткізілді.

Министр мұсылман елдерінің арасындағы қатынастарда шыдамдылықты нығайтудың және мемлекетаралық диалогқа дайындықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан 2016 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган ұсынған ислам татуластығы бастамасына басты назар аударады. Қарардың тиісті тұжырымдамалары СІМ кеңесінің қарауына ұсынылды және кездесудің екінші күнінде қабылданады деп күтіледі.

"Қазақстанның ислам әлемінің гүлденген болашағына деген сенімі өткен жылдың қыркүйегінде Астанада ИЫҰ-ның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін өткізу туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысының пайдасына түскен басты дәлел болды. ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылығына осы тарихи кездесуге қатысқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін", - деп атап өтті Қайрат Әбдірахманов.

Қазақстандық министр Астанадағы Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша исламдық ұйым хатшылығының жұмысы іске қосылғаны туралы хабарлады.

Дакка қаласында өтіп жатқан ИЫҰ СІМ кеңесі екінші күнінде Декларация және Ұйымның күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша шешімдер топтамасы, сондай-ақ кадрлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу