Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция және Даниядағы елшісі қызметінен босатылды

556

ҚР Сыртқы істер министрлігі басшысының айтуынша, Әбдірахманов жаңа жылдан кейін жаңа қызметіне кіріседі. 

Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция және Даниядағы елшісі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып сайланған Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция мен Даниядағы елшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, деп жазылған хабарламада.

Жақында Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Әбдірахмановтың ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары болып сайланғанын мәлімдеді. "Ол қазір халықаралық дипломат, халықаралық ұйымның жетекшісі болып отыр және жарғыға сәйкес ол өз еліндегі барлық ұлттық лауазымдардан босатылып, өз қызметінде тәуелсіз және объективті болуы керек", - деді министр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі басшысының айтуынша, Әбдірахманов жаңа жылдан кейін жаңа қызметіне кіріседі.

56 жастағы Қайрат Әбдірахманов әр жылдары Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі болды, республиканың Сыртқы істер министрлігін басқарды.

Ол аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары ретінде итальялық дипломат Ламберто Заньерді алмастырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу