Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов сыртқы істер министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі болып тағайындалсын", – делінген президент сайтында жарияланған мемлекет басшысының жарлығы мәтінінде.
Бұған дейін сыртқы істер министрі лауазымын Ерлан Ыдырысов атқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу