Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесу барысында оны жоғары лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, Астанаға сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу