Ұшақта бортсерікті балағаттап, бес тәулікке қамауға алынған Тұрсынбек Қабатов әзілімен елді күлдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Негізі жақсы сөйлеу керек екен. Қайрат, Әбдіжаппар үшеуіміз бір жерде отырдық қой. Концерттерден, той-томалақтардан шаршап кеттік. "Бір демалу керек еді" деп әңгімелесіп отырғанбыз. Негізі демалатын басқа жерді ойлағанбыз. Ана жақты ойламадық. Сөйтіп демалып келдік. Мен бес күн сұрап алдым. Қайрат қатты шаршаған-ау, 15 күн сұрап алды. Әбдіжаппар 10 күн алыпты. Негізі жақсы жігіттер ғой. Ерке жігіттерді халық қолдайды. Жігіттер демалып жатыр", – деді актер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу