"Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қайрат" футбол клубына қатысты жалған ақпараттар тарап жатыр.
"Клуб бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. "Қайрат" ФК жұмысы бұрынғыдай жүргізілуде және қазіргі уақытта барлық күш 2022 жылы өтетін футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының 23-ші турындағы "Астана" ФК-ға қарсы ойынға дайындалуға бағытталған", – деп хабарлады Клуб әкімшілігі.
Сонымен қатар олар БАҚ өкілдерінен клубтың баспасөз қызметіне хабарласуды, тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу