"Қайрат" – "Астана" матчы: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

150

Құқық қорғау органдары алматылықтарға жолға алдын ала жоспар жасап шығуды ұсынды.

"Қайрат" – "Астана" матчы: Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады Фото: Алматы полициясы

Алматыда 26 қазан күні өтетін "Қайрат" – "Астана" футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.

"Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады", – делінген хабарламада. 

Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу