Қайрат Бажанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды

288

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қайрат Бажанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды Фото: sud.gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайрат Жақиянұлы Қостанай облысының тумасы. Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Құқық қорғау органдарында 21 жылдан астам қызмет етіп жүр.

Қаржы полициясында, прокуратура органдарында, оның ішінде 16 жыл Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында басшы лауазымдарда қызмет атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу