Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалды және Гүлмира Сатыбалдыны қамауға алу мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

1881

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шешім шығарды.

Қайрат Боранбаев, Қайрат Сатыбалды және Гүлмира Сатыбалдыны қамауға алу мерзімі тағы 1 айға ұзартылды

8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты.

Баспасөз қызметі сондай-ақ 8 маусымда мамандандырылған ауданаралық тергеу соты кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамауға алу мерзімін бір айға ұзартқанын хабарлады.

7 маусымда сот Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыұлын қамауға алу мерзімін бір айға ұзарту туралы шешім шығарды.

Қайрат Сатыбалдыұлы қызмет бабын асыра пайдаланды және аса ірі көлемде "Қазақтелеком" АҚ қаражатын жымқырды деген күдікпен наурыздың ортасында ұсталған болатын. Кейінірек белгілі болғандай, Сатыбалдыұлы мен оның бұрынғы әйелі де рейдерлік жолмен бизнесті басып алған деген күдікке ілінген.

Белгілі қазақстандық олигарх, Қазақстандағы, Ресейдегі және Беларусьтегі McDonald's франшизасы иесі Қайрат Боранбаев қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен наурыздың ортасында қамауға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу