Қайрат Боранбаев қашан бостандыққа шығады?

402

Сот шешіміне сәйкес ол пробациялық бақылауда болады.  

Қайрат Боранбаев қашан бостандыққа шығады? Фото: CentralAsia.media

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер Сенат отырысынан кейінгі брифингте жазасы жеңілдетілген Қайрат Боранбаевтың бостандыққа шығу мерзімін нақтылауды сұрады.

"Қазіргі таңда соттың шешімі қабылданды. Сот шешімі заңды күшіне енген кезде шығады. Сіздерге нақты күнін айта алмаймын, есімде жоқ. Шамамен 15 күндей күту керек", - деді Бас прокуратура өкілі.

Спикерге "Яғни 1 аптадан кейін ол шығуы мүмкін бе?" деп қосымша сұрақ қойылды.

"Мүмкін", - деп қысқа қайырды Әсет Шындалиев.

Айта кету керек,  осыған дейін белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев түрмеден босатылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу