Қайрат Боранбаев кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін айтты

619

Сот процесі бірінші сатыдағы ережелер бойынша апелляциядан өтті.

Қайрат Боранбаев кінәсін мойындап, залалды өтегісі келетінін айтты Фото: КазТаг

Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Қайрат Боранбаевқа қатысты істі қарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Іс жүргізу келісімінің бастамашысы – Боранбаев. Өзге сотталушылар Наханов пен Жанұзақов оған қосылатындарын мәлімдеді.

"Өтініш кінәні мойындау туралы іс жүргізу мәмілесін жасасу және қылмыстық іс бойынша залалды өз еркімен өтеу мәселесі бойынша қылмыстық қудалау органдарымен ынтымақтасу ниетінен тұрады", — деді  Боранбаевтың адвокаты Данияр Қанафин.

Өтінішті барлық қорғаушылар қолдады.

Аталған мәселе келесі отырыста қаралады, бірақ отырыс қай күні өтетіні белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу