Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды Фото: inbusiness.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

"Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

"Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады", – деп хабарлады Агенттік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу